Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды

Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды


18:01, 18 наурыз 2016
269 - рет қаралды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының арасында ХІ «Зерде» республикалық конкурсы өтті.



Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Конкурс нәтижесінде, 19 астаналық оқушы алтын, 13-і күміс, жетеуі қола алды.

Конкурс қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика-информатика, физика-техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, биология, химия, валеология, экология пәндерінен өтті.

Айта кетейік, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және зерттеу қызметін дамыту, әлемді, ғылымды тануға деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалдық және ғылыми конкурстарды тұрақты түрде өткізеді.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні