Әнші Шаһизада Байпатшанова ертең «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді

Әнші Шаһизада Байпатшанова ертең «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді


19:03, 30 наурыз 2016
303 - рет қаралды



1 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясында  композитор, дирижер, дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған концерт өтеді. Осыған орай, шара ұйымдастырушысы Қарлығаш Есендәулетова ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат бермек.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясына әнші Шаһизада Байпатшанова қонаққа келеді.

«Жарасымды жұп» байқауының келесі қатысушылары қарағандылық Ерболат Қазкенов  пен Салтанат Дүйсенбекованың махаббат баянын да ертеңгі бағдарламадан тамашалай аласыздар.

Сонымен қатар, «Таңшолпанның» бейсенбі күнгі шығарылымында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, жүйке жүйесін реттеу туралы айтылмақ. Студия қонағы - кардиолог Нұрлан Бейсенбиев.

Ұлттық арнамен бірге ояныңыз! 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні