Ералы Тоғжанов: Солтүстіктегі облыстарда Оңтүстік Қазақстан облысынан барған 5 мыңнан астам жас білім алуда

Ералы Тоғжанов: Солтүстіктегі облыстарда Оңтүстік Қазақстан облысынан барған 5 мыңнан астам жас білім алуда


17:37, 30 наурыз 2016
311 - рет қаралды



Бүгін Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов елде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жастар саясаты жүйелі түрде қолға алынуы нәтижесінде қоғамда жігерлі жастар толқыны қалыптасып келе жатқандын атап өтті.

«Елбасының тапсырмасына орай, бізде жастармен жұмыс жүргізетін 215 жастар ұйымы бар. Олардың барлығы да негізгі үш бағытта жүзеге асырылып келеді.

Оның алғашқысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 жоғары оқу орны мен 10 колледжде кәсіби мамандар даярлау мәселесімен түпкілікті айналысады.

Екінші бағыт  жас мамандардың жаңа жұмыс орнына тез бейімделіп кету жайы мен бірнеше тілді меңгеруіне мейлінше жағдай жасау және үшінші бағыт еңбексүйгіш, белсенді жастар толқынын қалыптастыру», - дейді Е.Тоғжанов.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, бүгінгі таңда «Серпін» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстіктегі облыстарда 5 мыңнан астам жас білім алуда. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні