Ертең «Таңшолпанда» Тұрсын Жұртбай қонақта

Ертең «Таңшолпанда» Тұрсын Жұртбай қонақта


18:10, 9 наурыз 2016
232 - рет қаралды

Таңғы бағдарлама сағат 07:00-10:00 аралығында өтеді.



«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы әр таңда Ұлттық арна көрермендеріне  әсем ән, сырлы сұхбат, күнделікті тұрмыста қажетті пайдалы кеңес, ел және жаһандағы түрлі қызықтарды ұсынып келеді.

Ертеңгі бағдарлама қонақтары арасында актер Нұркен Өтеуілов және актриса Айнұр Бермұхамбетова, Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» сатуды дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Сарсенбаева, сондай-ақ, жазушы, филология ғылымдарыгың докторы, профессор, алаштанушы Тұрсын Жұртбай бар.

Тұрсын Жұртбай Анкарада өткен «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция бойынша сұхбат береді.

Сонымен қатар, «Мақсат &Мақсат» тобының мүшелері Мақсат Құрақбаев пен Ғалым Қалмұрзаев студияда «Сен ғана» әнін айтып бермек.

Ал, сюжеттер қатарында «Әйел бақыты», «Ер бақыты» атты гүлдердің сыры, балаларды альпинизмге баулу, Сұлтан Қожықовтың фильмдері, дуальді білім беру жүйесінің ерекшеліктері, қазақ әйелдері арасынан шыққан киномеханик, электронды киіз үй және т.б. бар.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні