ЕУРО-2016: Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Қазақстан-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді

ЕУРО-2016: Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Қазақстан-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді


10:10, 5 ақпан 2016
485 - рет қаралды

Ұлттық арна футзалдан Қазақстан құрамасы мен плей-офф кезеңінің барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.



Бүгін, 5 ақпанда, Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионаты аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Хорватия спортшыларымен кездеседі.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «C» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Ресей командасына 2:1 есебімен есе жіберді.  

Сонымен қатар, ойын келесі күні, 6 ақпанда, 23:20-да «Kazsport» телеарнасында қайталанады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні