Ирандық инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

Ирандық инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда


15:07, 6 наурыз 2016
266 - рет қаралды

Кеше облыс әкімі Б.Атамқұлов ирандық «Jahade Sabz» компаниясының басшылығын қабылдады.



Өңір басшысы қонақтарды облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, өңірдің жоғары өндірістік-экономикалық әлеуеті жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының басты бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатынын атап өтті. Кездесу барысында суармалы жерлерді игеру, сондай-ақ, алма бауларын отырғызу, дәнді және майлы дақылдар егу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар техника, егіншілік және сауда-саттық салаларында мол тәжірибесі бар екендігін алға тартты. Бұл ретте облыс әкімі құзырлы органдарға ирандық компанияның жобаларын іске асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні