Канада елшілігі хоккейден достастық матчының бас жүлдесіне құндыз тон тікті

Канада елшілігі хоккейден достастық матчының бас жүлдесіне құндыз тон тікті


17:11, 1 наурыз 2016
310 - рет қаралды

2016 жылдың 7 наурызында сағат 18-00-де Барыс Арена мұз сарайында Канаданың Қазақстандағы елшілігі ҚР Шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен канадалық хоккей кешін өткізеді.



Аталмыш шараға келем деушілердің барлығын есік ашық.

Шараның мақсаты - Қазақстан мен Канаданың хоккей командаларындағы танымал есімдердің қатысуымен «Канада-Қазақстан» кубогы үшін матч ұйымдастыру.  Бұл дәстүр екі ел арасында 2012 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан шара екіжақты қарым-қатынастарды нығайтып, достастық матч арқылы хоккейге деген ынтызарлықты арттыра түспек.  

Жарыс барысында қайрымдылық лотереясы ойнатылады. Бас жүлдеге әлемдегі ең ежелгі тері тасымалдаушылар компаниялардың бірі дайындаған құны 5 мың 500 АҚШ доллары тұратын канадалық құндыздың терісінен тігілген тон  тігіледі.

Екінші жүлдеге Bauer спорттық компаниясының хоккейге қажетті сауыт-саймандары қойылады. Үшінші орынды жеңіп алған команда канадалық сән үлгісімен тоқылған кеудешеге ие болады. Лотерея ойынынан түскен қаржының барлығы Қазақстандағы әуесқой хоккей ойынын дамытуға жұмсалады.  

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні