Қарағандыда алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасы қаланды (ФОТО)

Қарағандыда алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасы қаланды (ФОТО)


17:39, 14 наурыз 2016
317 - рет қаралды



Бүгін, 14 наурызда Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты, деп хабарлайды министрлік сайты.

Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ атыс қаруына арналған қолда бар патрондардың қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарланған.

«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 миллион теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» - деп атап өтті «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Қазақстандық зауыт өндіру қуаттылығы жылына 30 миллион дана шығаратын арнайы озық құралмен жабдықталады. Технологиялық жабдық инновациялық технологияларды қолдана отырып, әлемдік сапа стандартына сай келеді. 

Құрастыру және іске қосуды дайындау жұмыстары 2017 жылы өтеді. Жаңа 164 жұмыс орны құрылады. Осылайша, ауқымды мақсатта қолданылатын оқ-дәрі шығару бойынша кластер құру жоспарланған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні