Катамаран туралы қызықты деректер

Катамаран туралы қызықты деректер


07:30, 15 ақпан 2016
244 - рет қаралды

«Катамаран» термині тамил тіліндегі «Каттумарам» сөзінен шыққан.



Аудармасы «байлаулы бөрене» дегенді білдіреді.

Катамаранды алғашында мұхит жағасында өмір сүрген халықтар қолданған.

Катамаранның өзге қайықтардан ерекшелігі – бекемділігінде. Оны суға батыру немесе аударып алу мүмкін емес.

Бүгінде катамаранның түр-түрі бар. Екі палубалы «Сочи-1» катамараны 300 адамды тасымалдауға лайықталған. Ал, германиялық инженерлер күн батареясы арқылы жүретін катамаранды құрастырған.

Оңтүстік Кореяда ерекше катамаран жасалған. Оның екі корпусының ортасында әйнекпен қапталған шағын кабина орнатылған. Оның ерекшелігі де сонда – саяхатшылардың су астын бақылауға мүмкіндігі бар.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні