Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық авиабайланыстар ашпақ

Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық авиабайланыстар ашпақ


18:31, 15 қаңтар 2016
245 - рет қаралды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Астана әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы болуы үшін алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен (Нью-Йорк, Цюрих, Токио, Сингапур, Бангкок және Гонконг) жаңа халықаралық авиабайланыстар ашу бойынша жұмыстар жүргізуде.



Бұны ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты.

2015 жылы 7 жаңа бағыт ашылды. (Астанадан Қазан,  Сеул,  Париж, Тбилисиге дейін, Атыраудан Минеральные Водыға, Қызылордадан Мәскеуге, Алматыдан Томскіге).

Азаматтық авиация саласын дамыту бойынша бүгінде  аймақтық әуе хабын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Комитет қызметін Британияның азаматтық авиация агенттігі үлгісіне бағыттай отырып реформалау бойынша жұмыстар қолға алынды.

Осы мақсатта 2015 жылғы 3 қарашада министрлік пен Британияның азаматтық авиация  агенттігі (UKCAAi) арасында  өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында  ИКАО-ның валидациялық миссиясын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні