Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Какау Ұлттық арнада тосынсый жасады

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Какау Ұлттық арнада тосынсый жасады


20:53, 18 ақпан 2016
460 - рет қаралды

Бүгін, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендеріне шағын футболдан Қазақстан құрамасының үздік футболшыларының қатысуымен өтетін «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының эксклюзивті көрсетілімін тамашалаудлың мүмкіндігі туып отыр.



Жақында ғана аяқталған Еуропа Чемпионаты - 2016 ойындарындағы айтулы жеңістен соң бас бапкер Какау бастаған отандық футзалшылар тұңғыш рет танымал кешкі шоудың құрметті қонақтары болды.

Бағдарлама қонақтары өздерінің Еуропа Чемпионатындағы 3-орын үшін болған жарыстағы жеңістеріндегі жарқын сәттерімен бөліседі. Еліміздің құрамасы еуропалық футбол біріншілігінде ең алғаш рет өнер көрсетіп, қола медальды жеңіп алды.

Бағдарлама барысында Нұрлан  бас бапкер мен команда мүшелерінен көптеген қызықты мәліметтерді алып, олардың жоспарлары жөнінде сыр шертісіп, көптеген жәйттерден хабардар болады.

Ол сонымен қатар, әдеттегідей футболға қатысты өзінің әзіл-қалжыңдары мен қызықты комментарилерімен қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Хабар барысында бағдарлама жүргізушісі Какауға қазақтың дәстүрі бойынша шапан мен оның қалпағын сыйға тартады. Ал, Какау бұл сыйлықтың өзі үшін қаншалықты бағалы екендігін айтып, алғысын білдіріп, тіпті бағдарлама соңына дейін шешпей қояды. 

Бағдарлама соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Абай Бегейдің «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын», деген әнін португал тілінде орындап, көрермендерді қайран қалдырады.   

Бұл, әрине, Сіздердің бүгінгі хабардан көретін қызықтарыңыздың тек бір бөлігі ғана. Ендеше, бүгін 18-ақпан күні түнгі сағат 22-55-те басталатын «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» атты бағдарламаны өткізіп алмаңыз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні