Қазақстан Наурыз мейрамы мен Бүркітпен аң аулау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізуді жоспарлауда

Қазақстан Наурыз мейрамы мен Бүркітпен аң аулау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізуді жоспарлауда


14:57, 28 қаңтар 2016
226 - рет қаралды

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.



«2015 жылғы желтоқсан айында ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізімі «Айтыс - импровизация өнері» аталымымен толықты.

Аталған аталым  «Дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері», «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» аталымдарымен  қатар ЮНЕСКО-ның жоғарыда аталған тізімінде үшінші аталым болды. «Ендігі кезекте Наурыз, Бүркітпен аң аулау және т.б. аталымдары жоспарланып отыр», - деп атап өтті министр.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні