«Қазақстан» РТРК мен Вьетнамның Орталық телеарнасы әріптес болуға келісті (ФОТО)

«Қазақстан» РТРК мен Вьетнамның Орталық телеарнасы әріптес болуға келісті (ФОТО)


19:00, 14 наурыз 2016
441 - рет қаралды



Астанада Вьетнам Орталық телеарнасының (VTV) президенті Тран Бин Мин бастаған делегация қазақстандық телеарналармен телекоммуникациялық орта аясында тәжірибе алмасты.

Шара барысында вьетнамдық тарап «Қазақстан» РТРК басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу аясында екі жақ Қазақстан мен Вьетнам телеарналарында екі халықтың мәдениетін, салт-дәстүрі мен тарихын насихаттауға келісті. Бұл үшін арнайы көркем және деректі фильмдер көрсетіліп, танымдық бағдарламалар дайындалмақ.  

Осыдан кейін вьетнамдық мамандарға «Қазмедиа орталығы» таныстырылды. Қонақтарға заманауи бағдарламалық және жаңалықтық студиялар, барлық эфирді басқаратын режиссерлік пульттердің мүмкіндіктері көрсетілді.

Айта кетейік, VTV телеарнасы – Вьетнамның ең беделді медиа құрылымы. Оның құрамына елдегі 100-ге жуық коммерциялық арнамен бәсекелес болып келе жатқан 9 негізі телеарна кіреді.

Елдің басты арнасында 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Вьетнамның Орталық арнасы жылына 1 мыңға жуық өнім (бағдарламадан бастап телесериалға дейін) шығарады.

Бір қызығы, Вьетнамның жарты халқы (елде 92 миллионға жуық адам тұрады) телеарнаны мобильді телефондар сияқты әртүрлі гаджеттер арқылы онлайн көреді. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні