«Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Сәлем, Қазақстан» атты жаңа жоба әртістерге 100 пайыз жанды дауыста өнер көрсетуге талап қойды

«Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Сәлем, Қазақстан» атты жаңа жоба әртістерге 100 пайыз жанды дауыста өнер көрсетуге талап қойды


18:14, 2 наурыз 2016
516 - рет қаралды

«Сәлем, Қазақстан» жаңа форматтағы қайталанбас шоу. Онда әрбір көрермен айтулы оқиғаның қатысушысы бола алады.



Не себепті оқиға? Мәселен,  отандық  шоу-бизнесте  100 пайыз live  концерт көрермен назарына өте  сирек ұсынылады.

Аталған жобаның жаңалығы сол әртіске жанды дауыста инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен жеке шығармашылық концертін қою ұсынылады. 

Шоудан көрермен де тыс қалмақ емес. Біріншіден, шоудың түсірілімдері әдеттегі павильонда емес, концерт залында көрерменнің қатысуымен өтеді. Яғни, көрермен шоу түсірілімін оқиға орнында көруге мүмкіндік алады.

Екіншіден, шоу жұлдызына сауал қойғысы келген кез келген адамға осындай мүмкіндік беріледі. Ол үшін біз «Еркін микрофон» айдарын аштық.

Үшіншіден, жүргізушілердің басты түсіру аймағы концерт залының орталығы  көрерменнің арасында болмақ.  Мұндай жағдай біздің теленарықта болмаған.  Көрерменмен тікелей байланыс, ашық диалог осы жерде туындамақ.

Ең бастысы, бұл шоу бүгінгі қазақ сахнасындағы орындаушылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік бермек.  Бұл біздің әдетте тыңдап үйренген mp3 қойылымдары емес. Концертті бэнд-ансамбльдің сүйемелдеуімен әртістің жеке өзі береді. Оның репертуарындағы хит әндер жаңа стильде  ұсынылады. Онда көрермендер ерекше әсерлі түрлі сәттерді тамашалайды.

Сценаристердің креативті тобы әртіс үшін де, көрермендер үшін де түрлі тосынсыйлар тарту етпек. Концерт барысында жыл бойы үздік орындаушылардың хит шеруі ұсынылмақ. Астана аруы-2013 байқауының жеңімпазы Аяулым Ерғазы  жүргізетін шерудің үздіктері арнайы сайттағы дауыс беру арқылы анықталмақ. Сонымен қатар, жаңа синглдардың таныстырылымы өтеді. Осыған орай, қалың көпшілік ай сайын, кейінірек жыл сайын жылдың үздік синглын, орындаушысы, үздік бейнебаянды және т.с.с. анықтайтын болады.

Кештің жүргізушілері көптеген көрерменнің жүрегін жаулап үлгерген актер және конферансье Тәуекел Мүсілім және  фотомодель, интернет-жұлдызы  Әсел Асқар.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні