«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Арсенал» - «Челси» матчын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Арсенал» - «Челси» матчын тікелей эфирде көрсетеді


18:45, 21 қаңтар 2016
228 - рет қаралды

Трансляция Астана уақытымен кешкі 21:50-де басталады.



24 қаңтар күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Ағылшын Премьер-Лигасының 23 турындағы «Арсенал» - «Челси» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл матчта «Арсенал» футболшыларының «Челсиге» бірінші айналымдағы жеңілістің есесін қайтаруға тырысары сөзсіз. Себебі, 2015 жылдың 19 қыркүйегі күні «Челси» өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен ойын матч нәтижесімен емес «ақсүйектердің» шабуылшысы Диего Костаның «зеңбірекшілердің» қорғаушысы Габриэл Паулистаны арандатып, соңғысының алаңнан қуылуымен есте қалған еді.

Сондай-ақ, «Арсеналдың» «Челсиді» Ағылшын Премьер-Лигасы аясында 2012 жылдың көктемінен бері жеңе алмай келе жатқаны да ойын көрігін қыздары түсері анық.

Командалардың қазіргі жағдайына келер болсақ, 22-ші турдан кейін «Арсенал» 44 ұпаймен турнир кестесіндегі 1-ші орында тұрса, «Челси» соңғы алты кездесудің бірде-бірінде жеңілмегеніне қарамастан бар болғаны 14 сатыға орналасқан.

Трансляция Астана уақытымен кешкі 21:50-де басталады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні