«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды


08:00, 2 ақпан 2016
1470 - рет қаралды

Жыл басы Наурыз мерекесіне орай «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз тілекке байқау жариялайды.



Байқау шарты бойынша, Наурыз мерекесіне арналған ерекше құттықтауларды жазбаша, аудио, видео нұсқада жолдауға болады. Материалдың ұзақтығы 1 минуттан аспауы тиіс. Құттықтаулар барлық тілде қабылданады.

Құттықтау-тілектерді 25 қаңтардан бастап, 15 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz электронды поштасына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 4 үй, «Қазмедиа» орталығы, Қазақ радиосы мекен-жайына жолдауға болады.

Байқау шарттары туралы толығырақ 55-33-37 нөмірі арқылы біле аласыздар!  Астана қаласының коды 8 (7172) .

Үздік деп танылған құттықтаулар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының эфирінен беріледі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні