Қазақстанда «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтеді

Қазақстанда «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтеді


18:53, 1 ақпан 2016
592 - рет қаралды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті республиканың барлық ұйымдарында 2016 жылдың ақпан айының 2-і мен 12-і аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігін өткізуді жоспарлап отыр.



Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту,  олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

Онкүндіктің  мерекелік ашылу рәсімі республиканың барлық білім беру ұйымдарында 2016 жылғы 2 ақпанда өтеді. Онкүндіктің барысында семинарлар, кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балалар шығармашылық байқаулары, қайырымдылық акциялар, кинотеатрларға, ойын-сауық орталықтарға, спорттық кешендерге бару, ата-аналардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бадарламасы барлық білім беру деңгейлерінде, мектепке дейінгі деңгейден бастап, жоғарғы білім беру кезеңіне дейін енгізілді. Алғаш рет, мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап  және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін – «Өзін-өзі тану»  жобасының авторы – С.А. Назарбаева ұсынды.

Аталған бағдарлама оқушылардың тұла бойындағы шығармашылық әуелетін толық әрі жан-жақты іске асыруға, жаһандану жағдайында өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін өмірлік және білім беру стратегиясын қоғамдағы ауқымды әлеуметтік маңыздылықты меңгеруге ықпал етеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні