Қазақстанда тұңғыш рет бауыр алмастыру отасы жасалды

Қазақстанда тұңғыш рет бауыр алмастыру отасы жасалды


12:48, 5 қаңтар 2016
435 - рет қаралды

Бұған дейін беларусьтік мамандармен бірлесе үш рет бауыр трансплантациясы сәтті өткізілген.



Енді жергілікті дәрігерлер А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірге төртінші бауырды өздері ауыстырды.

Операция Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасында жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бауыр алмастырған науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бүгінде аталған ауруханада трансплантация қызметі дамып келеді. Соңғы екі жылда мұнда 57 бүйрек алмастыру отасы жасалса (оның соңғы 29 отасын клиника мамандары жасаған), 4 бауыр трансплантациясы жүзеге асырылған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі таңда бауыр жетіспеушілігінің түрлі себептерімен кезекте тұрған 90-нан астам науқас бар. Соның бірқатары ағза алмастыру отасын қажет етеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні