Қазақстандық Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды

Қазақстандық Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды


16:57, 25 ақпан 2016
309 - рет қаралды

Отандасымыз университеттің үздік студенттерінің бірі деп танылды.



Қазақстандық Әділ Қабылда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды, деп хабарлайды ЖОО-ның ресми сайты. Отандасымыз университеттің үздік студенттерінің бірі деп танылды.

Айта кетейік, Әділ Қабылда Павлодардағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Өткен жылы талантты жас М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне емтихансыз қабылданған еді. Қазір ол Химия факультетінің 1-ші курс студенті.

2015 жылы Әділ Қабылда химия пәні бойынша 47-ші Бүкіләлемдік Олимпиадада топ жарған. Білім додасына 75 мемлекеттен 300-ге жуық оқушы қатысқан.

Осыған қоса, Ә.Қабылда химия пәні бойынша 48-ші Менделеев Олимпиадасының күміс жүлдегері.

 

msu.ru


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні