Қазақстандық әскери химиктер «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына қатысады

Қазақстандық әскери химиктер «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына қатысады


17:45, 3 наурыз 2016
263 - рет қаралды

Осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясының аумағында өткізілетін Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына қатысады.



Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінде алдағы ойындарға қызу дайындық жүріп жатыр. Әскери бөлімдерде Қазақстанда өткізілетін турларға қатысу үшін экипаждар іріктелді. Жылдамдық, дене төзімділігі, дәл оқ ату бойынша ұдайы жаттығулар өткізілуде, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы Армия халықаралық ойындары 2015 жылы өткенін айта кетейік. Оның шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2015» радиациялық, химиялық және биологиялық барлау сайысы өтті.

Жарысқа Ресей, Беларуссия және Қытай әскери қызметшілерінен құралған үш команда қатысты. Биылғы жылы Армия халықаралық ойындарының серпіні одан да ауқымды болмақ.

Байқаудың тізімі 23-ке дейін ұлғайды, ал кейбір сайыстар Қазақстанда да өтеді. «Қауіпсіз орта – 2016» байқауы бірқатар елдердің РХБ қорғау әскерлерінің үздік өкілдерінің басын біріктіреді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні