Қазақстандықтар қысқы Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаеваға ерекше үміт артып отыр

Қазақстандықтар қысқы Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаеваға ерекше үміт артып отыр


20:00, 16 ақпан 2016
244 - рет қаралды

Бүгін ақпанның 16-нан 17-не қараған түнгі сағат 00:30-да «Kazsport» телеарнасынан көрермендер жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваның Лиллехаммердегі Олимпиада ойындарындағы өнерін тамашалайтын болады.



16 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыз осы спорт түрінен аздаған үзілістерден кейін өте жақсы нәтиже көрсетті. Ол жапониялық Юна Ширавеге небәрі 1 ұпайға жол беріп, екінші орынға тұрақтады.

Осыған дейінгі Гран-При байқауының кезеңдері мен өзге де жарыстардағы оның өнерін тамашалай отырып, қазақстандық спортшының еркін қимылда өзін жақсы сезінетіндігін байқауға болады. Аталған кезеңде спортшының жанкүйерлеріспортшы қысқа бағдарламада көрсеткен нәтижелерінен де жоғары көрсеткішке қол қол жеткізеді деген үмітте.    

Айта кетйік, «Kazsport» телеарнасы 12-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің қысқы Олимпиада ойындарын көрсетеді. Бұл бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастар 16 спорт түрінен 70 медаль жиынтықтары үшін өзара тартысқа түсетін болады.  

Қазақстан атынан онда еліміздің 8 өңірінен 20 спортшы өнер көрсетеді.         

Мұнда жасына қарамастан әлемнің үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кіретін Элизабет Тұрсынбаева артылатын үміттің зор екендігін айта кету керек. 

«Kazsport» телеарнасы барлық көрермендеріне ең әдемі спорт түрлерінің бәсекесін тамашалауға және  қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны қолдауға шақырады. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні