«Kazsport» телеарнасының қызметкерлері студенттермен кездесті (ФОТО)

«Kazsport» телеарнасының қызметкерлері студенттермен кездесті (ФОТО)


17:11, 24 ақпан 2016
290 - рет қаралды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Kazsport» телеарнасының қызметкерлері студенттермен кездесті.



Кездесуге университет проректоры Дихан Қамзабекұлы, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ,  жоғары оқу орнында дәріс оқитын «Спорт»  газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай қатысты. Кездесудің мақсаты - спорт журналистикасы саласында жас мамандар дайындау үшін өзара қарым-қатынасты нығайту.

«Kazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин кездесуге қатысушыларды мемлекеттік спорттық телеарнаның тыныс-тіршілігімен,  бұған дейін  атқарылған жұмыстары туралы қызықты деректермен таныстырды.

Жиын еркін форматта өтіп, жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап алды. Содан  кейін «Kazsport» телеарнасының өкілдері университеттегі Журналистика және саясаттану факультетінің студиясын аралап көрді. Тараптар алдағы уақытта шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жөнінде келісімге келіп, телеарна мен университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытатын болды.

Айта кетейік, кездесуге «Kazsport» телеарнасынан осы арнаның директоры - Павел Цыбулин, телеарнаның бас редакторы Индира Бектенова және телеарнаның бас режиссері Руслан Дәулетов, редакторлар Тимур Сүлейменов пен Руслан Бақытжан қатысты.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні