Қостанайда автомобиль кластері трансұлттық корпорациялармен бірге құрылады

Қостанайда автомобиль кластері трансұлттық корпорациялармен бірге құрылады


17:30, 26 ақпан 2016
230 - рет қаралды

Трансұлттық машинақұрылысы компаниялары Қазақстан нарығына кіріп жатыр.



Бұл туралы еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің баспаөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қостанайда Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен автомобиль өнеркәсібін дамытумен байланысты бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Министрдің айтуынша, елдің инвестициялық саясатына қатысты мәселелер «100 нақты қадам» жоспарында жарқын көрініс тапқан. Яғни, біз елдегі бизнес-климатты оңтайландырып, трансұлттық корпорацияларды қайта өңдеу секторына тартуымыз керек.   

Осы бағыттағы шаралар қолға алынғалы бер Қостанай облысында қайта өңдеу өнеркәсібі жандана түсті. Соның арасында автоөнеркәсіп саласы да. Соңғы 6 жылда SsangYong, Peugeot, Geely, IVECO, Toyota, Hyundai, JAC сияқты 7 бренд бойынша  25 мың автомобиль шығарылған. Бүгін автомобиль құрылысын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды деген 7 құжат қабылданды.  

Трансұлттық компаниялармен жасалған жаңа келісімдер индустриялды аймақ құрып, 2018 жылдан бастап, автомобиль өндірісін 40 мыңға дейін, шоғырландыру деңгейін 50 пайызға дейін жеткізу мен Ресейге экспортқа шығу сияқты мәселелерді қарастырады.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні