ҚР ИДМ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау үшін кешенді шараларды жүзеге асыруда

ҚР ИДМ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау үшін кешенді шараларды жүзеге асыруда


19:06, 15 қаңтар 2016
313 - рет қаралды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау мақсатында қазіргі заңнама аясында дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.



Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде KEGOK қызметіне, магистральды теміржол желісіне уақытша төмендетілген коэфицент ұсыну, электр қуатына жеңілдетілген тариф белгілеу, үшінші елдерден әкелінетін өнімдерге баж салығын төмендетуге ықпал ету мәселелері қарастырылған.

2016 жылы министрліктің өнеркәсіпті қолдау саласындағы күш-жігері үш бағыттағы жұмыстарға негізделеді. Олар: ірі жаңа жобаларды жүзеге асыру (оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау); жаһандық дағдарыс жағдайында  жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тікелей қолдау; отандық индустрияда бәсекелестікті арттыру үшін жүйелі жағдай жасау.  

«Сондай-ақ министрлік өкілдерінің отандық бизнесті қолдау мақсатында министрлік өкілдері аймақтардағы өткізілген көшпелі кеңес-форумдар аясында құны 1,4 трлн. теңге болатын 928 меморандум жасап, жалпы құны 1,3 трлн. теңгенің 26 мыңнан астам келісіміне қол қойылғандығын айты кету керек. Осылайша,  меморандумның орындалуы 96,1 пайыз болды»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні