ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Этика жөніндегі уәкілетті өкіл тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Этика жөніндегі уәкілетті өкіл тағайындалды


17:50, 21 қаңтар 2016
269 - рет қаралды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі орталық мемлекеттік органдар арасында бірінші болып Этика жөніндегі уәкілетті өкіл тағайындады, деп хабарлайды аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.



Уәкілетті өкіл болып тағайындалған Тимур Тоқтабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану», Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «геология», Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Т.Тоқтабаев еңбек жолын 2003 жылы ҰҚК органында бастады. 2006 жылы «Қазгеоинформ» геологиялық ақпарат республикалық орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ал, 2008 жылдан Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, басқарма басшысы болды. 2010 жылы  «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы АҚ-ның жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры болып тағайындалды.

2011 жылдың тамызынан ҚР ИЖТМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры. Үйленген, екі баланың әкесі.

Айта кетейік, Этика жөніндегі уәкілетті өкіл – мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуын алдын-алу және қызметтік этика ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қызметті жүзеге асырушы және өзінің қызметі аясында мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметкер.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні