ҚР ОСК: Жергілікті мәслихаттардың сайлауында 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерден келеді

ҚР ОСК: Жергілікті мәслихаттардың сайлауында 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерден келеді


18:10, 24 ақпан 2016
326 - рет қаралды

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.



Осыған қарай, бүгін Орталық сайлау комиссиясында мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты брифинг өтіп, онда ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев БАҚ өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырды.

Оның деректерінше, жалпы республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10 мың 825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерді құрады.

Тіркелген кандидаттардың 1 мың 592-сі облыстық мәслихаттарға, 121-і   Астана қаласының мәслихатына, 130-ы  Алматы қаласының мәслихатына тіркелді. Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6 мың 862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға  2 мың 120  кандидат үміткер.

Тіркелген кандидаттардың 3 мың 407-ін саяси партиялар, 17-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынған, 7 мың 401 адам өзін-өзі ұсынды.

«2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар  саны 2016 жылы 1 мың 660 адамға көбейді, яғни жергілікті өкілді билік органдарының сайлауында біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір өсті» - деп атап өтті М. Сәрсембаев.

Бүгінгі күннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт жүмыстарына кіріседі.

«Барлық 10 мың 825 кандидат өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, сайлаушылар даусы үшін сайлау заңнамасының шеңберінде әділ бәсекелі күрес жүргізетініне сенім білдіреміз» - деді М. Сәрсембаев брифинг соңында.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні