ҚР Ұлттық музейі режиссерлер мен операторлар арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттайды

ҚР Ұлттық музейі режиссерлер мен операторлар арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттайды


14:04, 13 ақпан 2016
323 - рет қаралды

Үздік жұмыстар түрлі аталым бойынша қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.



15 ақпан күні ҚР Ұлттық музейі режиссерлер мен операторлар арасында өткен «Attention! National museum!»  («Назар салыңыздар! Ұлттық музей!») атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.

Байқауға жұмыстарды қабылдау қазан  айынды басталған. Екі айға жалғасқан сайыста 20 кәсіби және әуесқой шығармашылық топ бақ сынады.

Байқау жұмыстарына  музей директоры, елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар төрелік етті. Жеңімпаз атанған үздік жұмыстар түрлі аталым бойынша қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Айта кетейік, шараның басты мақсаты - Ұлттық музейді және музей қорындағы тарихи жәдігерлерді,  ұлт мұраларын, құнды экспонаттарды жан-жақты насихаттайтын бейнероликтер түсіру. Осы  арқылы музейдегі мәдени құндылықтар мен тарихи асыл мұраны халыққа кеңінен таныстыру. 

 

 

ФОТО: thailand-good.ru


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні