Қ.Тұрғанқұлов: Ертең «тыныштық» күні

Қ.Тұрғанқұлов: Ертең «тыныштық» күні


18:30, 18 наурыз 2016
403 - рет қаралды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Э. Абдусаломовпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ОСК-ның баспасөз қызметі.



Айта кетейік, кездесуде Қ.Тұрғанқұлов өзбекстандық   мейманға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысы туралы ақпарат ұсынды.

«Сайлау науқаны «тікелей мәреге» шықты. Бүгін үгіт кезеңі аяқталады, ертең «тыныштық күні». Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген сонымен қатар, халықаралық байқаушылар миссиялары да жүргізетін мониторинг қорытындылары ОСК саяси партияларға заңда кепілдік берілген БАҚ-қа тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ете алғанын көрсетті» -  деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.

Абдусаломов мырза әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы үлкен ұйымдастырушылық жұмыс істегенін атап өтті. «Сайлау науқанының барлық кезеңдерін өте жақсы ақпараттық қамтамасыз ету электораттық процестің ашықтығын  арттыруға себептеседі және заңнама нормаларын қатаң сақтай отырып, сайлауды жоғары демократиялық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» - деді ол.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Ортсайлауком Басшысы ағымдағы сайлау науқанының аяқталуында және қорытындыларының шығаруда табыс тіледі.

Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов екі елдің электораттық процестерінің дамуы туралы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу мақсатында алдағы уақыттағы өзара қарым-қатынасқа сенім білдірді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні