ҚТЖ мен РТЖ бірлескен жобаларды дамыту мәселесін талқылады

ҚТЖ мен РТЖ бірлескен жобаларды дамыту мәселесін талқылады


18:30, 11 наурыз 2016
299 - рет қаралды

Бүгін Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин мен «Ресей темір жолдары» ашық акционерік қоғамының басшысы Олег Белозеров кездесті.



Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы көлік  және логистика саласындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсу жайы сөз болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

А. Мамин Қазақстан мен Ресей темір жол әкімшіліктерінің арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан сайын дамытып, үйлестіріп отыру, қазіргідей экнономикалық жағдайда тиімді нәтижелерге жеткізуге жетелейтіндігін атап өтті.

Кездесу кезінде тараптар тасымалды одан сайын арттыру мәселесін, екі ел аумағындағы транзиттік жүк ағынын өсіру мақсатындағы қолайлы жағдайлар жасауға бас назар аударды. Кездесудің басты тақырыбына айналған мәселеде  Қазақстан, Ресей, Белорусь елдерінің темір жол әкімшіліктері  арасындағы 2014 жылғы қарашадағы Біртұтас көліктік-логистикалық компания (БКЛК) жұмысындағы алғашқы нәтижелерді жоғары бағалап, оны тереңдете түсуге ниет білдірді.  

А. Мамин мен О. Белозеров өз кезегінде контейнерлік сервистік қызметтерді өзара ықпалдастырудың бірегей жалпыға ортақ әдіс тәсілдерін жүзеге асырушы ретінде маңызы зор екендігін атап өтті. Жаңа қоғамдық қатынастарды БКЛК аясындағы қабылданған базалық тәртіптер аясында дамыту көзделеді.

«Біздің қиындықты экономикалық ахуал кезеңінде БКЛК жобасын жүзеге асырып, оған қатысушылардың барынша жоғары тиімділікке жетуін қолдайтын боламыз»,- деп атап өтті РТЖ президенті О.Белозеров.

Аталмыш компания Қытай - Оңтүстік Шығыс Азия елдері -Еуропа Одағы елдері арасындағы транзиттік контейнерлік сервистік қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, басқа да тапсырыстарды орындайды.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні