Күніне бір жұмыртқа жеудің пайдасы

Күніне бір жұмыртқа жеудің пайдасы


16:00, 17 қаңтар 2016
781 - рет қаралды

Диетолог мамандардың зерттеуі бойынша тағам әзірлеу кезінде жұмыртқаны пайдаланған жөн.



Көпшілік жұмыртқаны құрамында холестерині көп бауырға зиян деп есептейді.

1. Жұмыртқа – жеңіл сіңетін тағам

Жұмыртқа ақуызының 98 пайыз ағзаға тез сіңуі жаңа жасаушалардың құрылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұлшықеттердің дамуын қалыпты деңгейде сақтайды. Күніне 1 жұмытқа жеу арықтауға көмектеседі.

2. Дәрумендерге бай

1 жұмыртқа құрамында  5 пайыз А дәрумені, 10 пайыз D дәрумені, фосфор және темір, мырыш, йод,  ретинол,  рибофлавин  сынды микроэлементтер бар.  Күнделікті жұмыртқа жеу көз бұлшықеттерінің жұмысын жақсартады.

3. Остеопороз дертінен сақтайды

Әйел адамдар 40 жас шамасында остеопороз дертіне шалдығып жатады. Шала пісірілген жұмыртқа сүйекті қатайтады.

4. Ми жұмысын нығайтады

Жұмыртқа құрамындағы холин есте сақтау қабілетін жақсартып,  жағымсыз әрекеттерге бірден жауап қайтаруға көмек береді. Егер кішкентай баланың 3 жастан кейін аллергиясы болмаса, ми жүйесінің дұрыс қалыптасуы үшін жұмыртқа жеп үйреткен жөн.

5. Атеросклероз ауруының пайда болу қауіпін бәсеңдетеді

Жұмыртқаны тамақпен қоса пайдаланса  холестерин деңгейі қан құрамында көтерілмейді. Піскен жұмыртқаны зәйтүн  және сары маймен пайдаланбаған дұрыс. Ол бауырмен байланысты қиындықтарды тежейді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні