Қызылордада облыстық әйелдер форумы өтті

Қызылордада облыстық әйелдер форумы өтті


16:00, 6 наурыз 2016
268 - рет қаралды

Қызылордадағы Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлының қатысуымен «Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» атты облыстық әйелдер форумы өтті.



«Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан», - деген сөздермен облыс әкімінің орынбасары жиынға қатысушыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ол мерекелік шараға шақырылған бірқатар әйел азаматтар мен көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасаған кәсіпкер қыз-келіншектерді мрапаттады.

 Одан әрі облыстық әйелдер кеңесі, «Сыр аналары» қоғамдық қорының төрайымы Нұрсәуле Мұсаева «Отбасы – адамгершілік бастауының қайнар көзі» тақырыбында баяндама жасады. Батыр аналар Ханымкүл Оспанова, Маржанкүл Оқасова батасын берсе, «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі Касенова Салтанат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын балабақшаларда жүзеге асырудың жаңа жобаларын ұсынды.  

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні