Қызылордада өндірілетін тауар түрлері алдағы уақытта кеңейе түспек

Қызылордада өндірілетін тауар түрлері алдағы уақытта кеңейе түспек


11:01, 13 қаңтар 2016
293 - рет қаралды

Көп ұзамай Қызылордада жаңа тауар түрлері: кальцийлендірілген сода, шыны, ванадий тотығы, ферросилиций, қорғасын-мырыш қоспасы шығарылады.



«Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев осылай деді.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аймақтың өңдеу саласында инвестиция көлемін арттырады.

Былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда мұндай инвестиция көлемі 5,3 есе өскен.

«Алдағы уақытта мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті шыны, цемент зауыттары іске қосылады. Сондай-ақ «Шалқия» кен орнында кен байыту комбинаты, «Фирма Балауса» ЖШС ванадий өндірісі құрылады», - деді Ринат Сұлтангереев.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні