Магаданға Бразилиядан жеткізілген 23 тонна сапасыз ет осы елге қайтарылатын болды

Магаданға Бразилиядан жеткізілген 23 тонна сапасыз ет осы елге қайтарылатын болды


12:00, 18 қаңтар 2016
258 - рет қаралды

Құс етінен сальмонелла бактериялары мен тетрациклин тобындағы антибиотик табылды.



Магадан облысына жеткізілген 23 тонна сапасыз құс еті етті экспорттаушы елге яғни, Бразиялияға қайта қайтарылады. Еттің құрамынан сальмонелла мен антибиотиктер табылған. Бұл еттің партиясы 2015 жылдың қазақ айында етті экспорттаушы елдің арнайы белгісінің болмауына байланысты тоқтатылған болатын. 

Бұл туралы дүйенсбі күні Магадан облыстық Росселхознадзор басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі. 

«Бразилиядан жеткізілген 23 тонна құс еті Ресей федерациясының аумағына жіберілген жоқ. Ет иесіне оны келген еліне қайтару туралы талап берілді»,-деп хабарлаған ведомство өкілдері.  

Сондай-ақ, онда Кедендік одақ талаптары бойынша, тауар иесіне зертханалық тексерулер жүргізу жөнінде бастама көтеріліп, оның нәтижесінде тауардан сальмонелла түріндегі патогенді бактериялар мен тетрациклин тобындағы антибиотик табылғандығы айтылған. Оған қоса, құжатта тауардан өзге де бірқатар микроағзалардың шектен тыс болғандығы айтылады.  

Сонымен қатар, жүк иесінің шағымы бойынша, қосымша тәуелсіз ветеринарлық зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесінде де етте сальмонелла бактерияларының бар екендігі анықталды.    


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні