Маңғыстау облысында жергілікті полицейлер тәжірибелік психология мен стрестерді басқаруға үйренуде

Маңғыстау облысында жергілікті полицейлер тәжірибелік психология мен стрестерді басқаруға үйренуде


18:18, 19 ақпан 2016
291 - рет қаралды

Бүгін өңірде жергілікті полиция қызметкерлерін «Құқық қорғау органы қызметкерлерінің тиімділігі» атты тақырыпта атты оқыту бағдарламасы басталды. Оның алғашқы кезеңінен жергілікті полицияның 200 қызметкері өтпек.



Полиция қызметкерлерінің білімдерін тәжірибелік психология, конфликтология, әлеуметтік коммуникациялар саласындағы қазақстандық жетекші сарапшылар  жетілдіретін болады. 7 ай бойына жаңа құрылған жергілікті полиция қызметінің өкілдері тұрғындармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тиімді жұмыс істеуге, команда болып әрекет етуге үйренеді. Сонымен қатар, олар аса қиын жағдайларда кризисті жағдайға төзе білу, стреске төзімділік сияқты қасиеттерге үйренеді. Сондай-ақ, онда идеологиялық жұмыстардың модулі де қарастырылған. 

«Құқық қорғау органы қызметкерлерінің тиімділігі» білім беру бағдарламасын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Чужегулов бастап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ұлт жоспарында» полиция қызметкерлерінің жұмыстарын жетілдіру мен тұрғындардың оларға деген сенімін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер  бар. Жеке қасиеттер мен кәсіби біліктілікті арттыру осы міндеттердің бірі және ол сіздердің қызметтеріңізді барынша ашық етеді. Бүгін сіздер Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлерін оқытудың кешенді бағдарламасының ең құрамдас бөлігі саналатын оқуды бастайсыздар. Сіздердің алған білімдеріңіз полиция қызметінің қоғамдағы беделін арттыратындығына сенімдімін»,-деді облыс әкімінің орынбасары.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні