Медициналық сақтандыру қорының басшылық қызметтеріне шетелдіктер келуі мүмкін - Дариға Назарбаева

Медициналық сақтандыру қорының басшылық қызметтеріне шетелдіктер келуі мүмкін - Дариға Назарбаева


17:14, 30 наурыз 2016
249 - рет қаралды



Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылық қызметтеріне шетелдіктерді шақыруға дайын. Бұл туралы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі, жалпы Үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттағы еліміздің алғашқы тәжірибесі бәріміздің есімізде, одан ештеңе шықпағанын білеміз.

Сондықтан, осы қателіктерге жол бермеу үшін біз шетелдік сарапшылардың жобаға тартылғанын қолдаймыз. Тіпті оларды осы қордың басшылық қызметтеріне шақыруға дайынбыз», - деді Дариға Назарбаева.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні