Наурыз дәстүрі: «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер»

Наурыз дәстүрі: «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер»


08:30, 22 наурыз 2016
236 - рет қаралды

Наурыз тойында қыздар өздерін ұнатқан жігіттерге «Ұйқыашардан» дәм татқызса, жігіттер «Селтеткізер» сыйлаған.



Наурыз – жыл басы. Наурызды тойлайтын Шығыс халықтары үшін наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні - өзінше ерекше. Дәл осы сәтте күн мен түн теңеледі. Мұны ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың теңескеніне балаған халық ұйықтамай, той-думанмен жаңа таңды қарсы алған.

Жастар түні бойы алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтып, қыздар өздерін ұнатқан жігіттерге «Ұйқыашардан» дәм татқызса, жігіттер оларға «Селтеткізер» сыйлаған.

«Ұйқыашар» – қазақ халқының дәстүрі. Наурыз тойында қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп, жақсы тағамдардан «Ұйқыашар» дайындаған. «Ұйқыашар» қыз-жігіттердің сезімін арттыра түсуіне себепші болған.

Ал, жігіттер «Ұйқыашардан» дәм татқан соң, қыз-келіншектерге айна, тарақ, әшекей бұйымдарын сыйлаған. Мұны «Селтеткізер» деп атайды. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні