Наурыздың 14-і күні Ұлттық музейде «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы өтеді

Наурыздың 14-і күні Ұлттық музейде «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы өтеді


17:00, 11 наурыз 2016
413 - рет қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде наурыздың 14-де Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы өтеді.



Бұл туралы  Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты - Амал мейрамын атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, ата салтын ардақтай отырып,  ұлт мәртебесін көтеру.

Мерекелік іс-шара аясында әз Наурыз мерекесінің атрибуты ретінде жасалған «Жолтерек» жобасының таныстырылымы өтеді.

Асық атудан, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылады. Арнайы тігілген киіз үйде дастархан жайылып, қонақтар наурыз көжеден дәм тата алады.

Мерекелік іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Сонымен қатар, музей қызметкерлерінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынады. Шараның сағат 16.00-ге жоспарланған.

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні