Н.Назарбаев: Әрбір сайлау – партия құрылысындағы жаңа баспалдақ

Н.Назарбаев: Әрбір сайлау – партия құрылысындағы жаңа баспалдақ


18:50, 19 ақпан 2016
357 - рет қаралды

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабында болды



Елбасы, партия төрағасы «Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобының», «Ұйымдастыру жұмыстары тобының» және «Ақпараттық-сараптамалық топтың» қызметімен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірлік штабтар басшыларымен және мүшелерімен бейнеконференция режімінде кеңес өткізіп, барлық облыстық штабтардың үгіт-насихат науқанына дайындығы туралы есептерін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы электоралдық кезең Парламент Мәжілісімен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының өткізілетіндігімен ерекшеленетінін айтты.

«Ертеңгі күннен сайлау алдындағы үгіт-насихат басталады. «Нұр Отан» партиясының XVII съезінен кейін бүкіл елде елеулі жұмыстар атқарылды. Қажетті үгіт-насихаттық өнімдер даярланды, Республикалық және өңірлік штабтар құрылды, партияның кандидаттары сайлау алдындағы науқанға дайын. Партиялық тізімге экономика салаларында, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік өмірінде жұмыс тәжірибесі бар, алуан түрлі кәсіптің мамандары кірді. Бұл халық мұқтаждықтарын шешетін кандидаттардың құрамы сапалы екенін көрсетеді. Біздің партия сайлаушылардың дауысын иелену үшін сайлау алдында ашық әрі әділ күрес жүргізуге ниетті екеніне сенімдімін. Тұрақты диалог жүргізіп, азаматтарымыздың сауалдарына дереу үн қату керек. Біздің жұмысымыздағы негізгісі осы, – деді Қазақстан. Президенті.

Мемлекет басшысы кез келген саяси партия үшін сайлау шешуші сәт екенін атап өтті.

«Сайлау қорытындысы бойынша партияны ғана емес, оның мақсаттары мен бағдарламаларын қолдау деңгейі де анықталады. Электоралдық науқан ұйымдастырушылық және кадрлық әлеуетті, саяси және практикалық мүмкіндіктерді жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді. Сайлау науқандары партия кадрларын нығайтады және жаңартады, оны жаңа белсенділермен, жақтастармен толықтырады, болашақта ел басшылығына араласатын талантты саясаткерлерді танытады. Әрбір сайлау – партия құрылысындағы жаңа баспалдақ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні