Нью-Йорк автосалонында «Жыл көлігі» таңдалды

Нью-Йорк автосалонында «Жыл көлігі» таңдалды


17:30, 27 наурыз 2016
327 - рет қаралды



Нью-Йоркте өткен автосалонда халықаралық «World Car of the Year» байқауының жеңімпазы анықталды. Журналистердің (қазылар алқасына 73 маман кірді) ең көп дауысын Mazda MX-5 родстері иеленді. Айта кетейік, «Жыл көлігі» атағына 10 үміткер сынға түскен.

Mazda MX-5 көлігі Audi A4, BMW X1, Hyundai Tucson, Jaguar XE, Land Rover Discovery Sport, Mazda CX-3, Mercedes-Benz GLC, Skoda Superb және Toyota Prius сияқты көліктерді басып озған. Осыған қоса ол «Үздік дизайн» аталымында да жеңіске жетті.

Ал, «Үздік спорт көлігі» аталымында Audi R8 көлігі ең көп дауыс жинады. Германиялық машина Chevrolet Camaro, Honda Civic Type R, Mercedes-AMG C63 Coupe және Range Rover Sport SVR сияқты көліктерді артта қалдырды.

Сонымен қатар, «Үздік жасыл көлік» атағын Toyota Mirai иеленді. Оның қарсыластары BMW 330, Chevrolet Volt, Toyota Prius және Volkswagen Passat GTE болды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы «Жыл көлігі» атағын Mercedes-Benz C-Class иеленген. Ал, байқаудың өзі 2005 жылдан бастап ұйымдастырыл келеді. Ең алғашқы жеңімпаз Audi A6 көлігі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні