ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті

ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті


14:00, 3 ақпан 2016
508 - рет қаралды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығының құрметіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 жоғары оқу орнында 30 мыңға жуық студенттің қатысуымен бір мезетте таңертеңгілік жаттығу өтті.



Іс-шараның негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институты мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өтіп, оған 1 мыңға жуық студент қатысты.

Ұйымдастырушылар бір мезетте бірдей жаттығу жасау арқылы өңір жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын ұстануға, елін, жерін қорғаған өрендерімізге құрмет көрсетуді мақсат еткен.

Айта өтейік, облыстағы 11 жоғары оқу орнының 9-ы Шымкентте, 2-уі Түркістан мен Мақтаарал ауданында орналасқан. Бұл оқу орындарында бүгінгі таңда 66,5 мың студент білім алуда. Оның 45 мыңнан астамы күндізгі бөлімде оқыса, 8 мыңнан астамы сыртқы, 13 мыңнан астамы кешкі бөлімдерде оқиды. Еске салсақ, жалпы облыста бүгінде 800 мыңға жуық жас тұрады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні