Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің ең қарт тұрғыны тұрады

Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің ең қарт тұрғыны тұрады


18:43, 10 ақпан 2016
296 - рет қаралды

Ең қарт әжей төлебилік Фатима Хайранова 120 жаста.



Қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнетке шыққан.


Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты. Осындай ұзақ ғұмыр кешіп отырған қарияларымыздың бірі 119 жастағы қарт кісі көршілес Тараз қаласында тұрады.


Ал басқа аймақтардағы ұзақ өмір сүруші қариялардың ең үлкені 114-те екен. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жасы 100-ден асқан 84 қарт кісі өмір сүреді.


2011-2015 жылдар аралығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесінде, облыста өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылдықта 69,5-тен 71,79-ға дейін өсті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні