Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-тан астам инвестжоба жүзеге асырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-тан астам инвестжоба жүзеге асырылуда


18:20, 27 қаңтар 2016
253 - рет қаралды

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев мәлім етті.



Бүгінгі таңда өңірімізде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-тан астам инсвестжоба жүзеге асуда. Атап айтсақ, облыста Ресей, Польша, Түркия, Италия, БАӘ, ҚХР, Корея Республикасы, Германия және алыс-жақын шет елден келген бизнесмендер өз жобаларын іске асырып келеді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Елбасы Жолдауында жаңа инвестициялық саясаттың негізінде ел экономикасына инвестиция тартып, жыл сайын оның көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Осы бағытта басқарма тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып, бүгінде өз жемісін беруде. Мәселен, өткен жылы өңір кәсіпкерлерімен бірлесе Еуропа мен Азия мемлекеттеріне жұмыс сапарымен барып, ондағы индустриялды аймақтармен таныстық және бірқатар кәсіпорындардың жұмысын аралап көріп, шетел инвесторларын біздің облыста бірлесе жұмыс жасауға шақырдық»,- деді басқарма басшысы.

Брифингте басқарма тарапынан атқарылған қорытынды жұмыстарын баяндаған М.Қарабаев ндустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, нәтижесінде 13,8 мың жұмыс орны ашылғандығын жария етті.

Сонымен қатар, облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 482,1 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2015 жылы жалпы құны 202,6 млрд.теңгеге 275 жоба мақұлданған. Сондай-ақ, бүгінде облыста ауылды жерлерден шыққан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы бағдарлама әзірленуде. Аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлерге бар болғаны 0,5 пайызбен субсидия беру жоспарланған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні