Оңтүстікқазақстандық өнерпаздар халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Оңтүстікқазақстандық өнерпаздар халықаралық байқауда жеңімпаз атанды


17:30, 12 қаңтар 2016
255 - рет қаралды

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы биыл Алматыда бірінші рет ұйымдастырылған «Қазақстанның Розасы» Халықаралық би байқауында «Халықтық сахналық би» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.



Одан бөлек, топ құрамындағы бірнеше биші арнайы дипломдармен марапатталған. Жеңімпаз «Қазына» би тобы алты қыз және алты жігіттен құралған.

Бес күнге созылған сайысқа Қазақстан, Ресей, Болгария елдерінен 50-ге жуық топ қатысып, оннан астам аталым бойынша бақ сынасты.

«Қазына» би ансамблі маусым айында өтетін халықаралық байқауға арнайы жолдаманы жеңіп алған.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні