Павлодар облысындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 30 пайызға жуығын әйел адамдар басқарады

Павлодар облысындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 30 пайызға жуығын әйел адамдар басқарады


17:10, 5 наурыз 2016
255 - рет қаралды

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар облысында 12 мың 905 кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Олардың 29,6 пайызында немесе 3 мың 819 бірлігінде әйелдер басшылық етеді.



Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар облыстық статистика департаментінің мәліметтерінше, аймақта әйелдердің басқаруымен тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы санының 63,8 пайызы  Павлодар қаласына тиесілі. Ал, Екібастұз қаласынікі 16,7, Ақсу қаласынікі 3,6 пайыз. Қалған аудандардікі 15,9 пайыздан. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша әйелдер басшылық ететін кәсіпорындардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда саласынікі. Бұл салада әйел басқаратын ұйымдар  25,3 пайыз, білім беру саласында - 14,8 пайыз. Ал ең төменгі көрсеткіш ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында тіркелген. Мұндағы көрсеткіш 1,2 пайыз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні