Павлодарда Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді

Павлодарда Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді


19:31, 23 ақпан 2016
272 - рет қаралды

Кеште Ж.Аймауытов театры, И.Байзақов атындағы облыстық филармониясы және Баянауыл ауданының шығармашылық ұжымдары Кәукен Кенжетаевтың репертуарындағы әндерді орындайды.



Павлодарда 29-ақпан күні, сағат 18.00-де Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Ж.Аймауытов театры, И.Байзақов атындағы облыстық филармониясы және Баянауыл ауданының шығармашылық ұжымдары Кәукен Кенжетаевтың репертуарындағы әндерді орындайды.

Сондай-ақ, экраннан әнші, режиссер, актер, драматург, профессор, Қазақ ССР-нің Халық әртісі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты және «Тарлан» премиясының иегері туралы деректі кинокадрлар көрсетіледі. Кешке туған-туыстары, әріптестері, шәкірттері және Павлодар облысының зиялы қауымы қатысады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні