Пәкістанда болған терактінің салдарынан мерт болғандар саны 72 адамға жетті

Пәкістанда болған терактінің салдарынан мерт болғандар саны 72 адамға жетті


12:01, 28 наурыз 2016
253 - рет қаралды

Террорист Лахор қаласында орналасқан Гүлшан-и-Икбал саябағындағы балалар алаңында өзін өзі жарып жіберді.



Жарылыс болған сәтте балалар алаңында көптеген отбасылар бала-шағаларымен қыдырып жүрген. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға жексенбі күні Пәкістанның Пенджаб провинциясының астанасы Лахорда болды. Жарылыстың салдарынан 300-ден астам адам жарақат алды. 

Бұл туралы Dawn басылымы өзінің сайтында жазды. Оқиға болған жерде көптеген отбасылар балаларымен қыдырып жүрген. Өкінішке орай жарылыс болған аймақта адамдардың көптігіне қарамастан ешқандай күзет қызметі болмаған. Адамдардың көптеп жиналуының себебі - бұл күні  Пәкістанның христиандары Пасха мерекесін тойлап жатқан.

Жарылыс балалар алаңқайынан бірнеше метр қашықтықта болған. Жантүршігерлік әрекет үшін жауапкершілікті «Техрик-и-талибан Пакистан» атты пәкістандық талибтердің қозғалысының ұранының аясында әрекет етіп отырған  «Джамаат уль-Ахрар» экстремистік тобы мойнына алды, жазады ресейлік ТАСС агенттігі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні