Конькимен жүгіруден «Шалқар» радиосының 50 жылдығына орайластырылған жарыс мәресіне жетті (ФОТО)

Конькимен жүгіруден «Шалқар» радиосының 50 жылдығына орайластырылған жарыс мәресіне жетті (ФОТО)


17:49, 27 қаңтар 2016
474 - рет қаралды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкерлерінен құралған қатысушылар командалық есепте ІІ орынға ие болды.



Елордадағы «Алау» мұз айдыны сарайында  конькимен жүгіруден  БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған жарыс мәресіне жетті. 

Спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Шалқар» радиосының 50 және «Алау» мұз айдыны сарайының 5 жылдық мерейтойларына орайластырылған.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкерлерінен құралған қатысушылар командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жалпы нәтиже бойынша:

Қыздар арасында:  

І орын - Анарбаева Жібек  

ІІ  орын - Айнұр Омар

ІІІ орын - Құндыз Ералиева

 

Ерлер арасында:

І орын - Марғұлан Ибраев

ІІ орын - Асқар Мұхтаров

ІІІ орын - Арман Ертұрғанов

Командалық есепте:

І орын - «Kazakh TV»

ІІ орын - «Қазақстан» ҰТА

ІІІ орын - «Оң» TV телеарнасы.  

«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша Қайсар Әлім марапатталды.

Жеңімпаздарға кубок, арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні