«Шалқар» радиосы жариялаған «Шалқар шабыт» байқауының жеңімпаздарын марапаттау ертең Астана Жастар театрында өтеді

«Шалқар» радиосы жариялаған «Шалқар шабыт» байқауының жеңімпаздарын марапаттау ертең Астана Жастар театрында өтеді


18:02, 25 наурыз 2016
410 - рет қаралды

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Майдан әндері», «Ана-Жер ана», «Әншінің пірі - Әміре» моноспектакльдері үздік шықты.



«Шалқар» ұлттық радиосының 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай жариялаған «Шалқар шабыт» байқауы қорытындыланды.  

Байқауға республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым қатыстырылды.

Радиоспектакльдерге shabyt.kaztrk.kz сайты арқылы екі апта бойы дауыс беру жүргізілген болатын.

Дауыс беру нәтижесі бойынша:

І орында -  «Майдан әндері» моноспектаклі (525)

ІІ орын - «Ана-Жер ана» моноспекталі (491)

ІІІ орынға  337 дауыспен «Әншінің пірі - Әміре» моноспектаклі шықты.

Үздік деп танылған театр ұжымдарын марапаттау ертең, 26 наурызда сағат 16.00-де Астана Жастар театрында өтеді. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні