«Шалқар» радиосының «Отанды сүю» хабарында қонақта - жырау Алмас Алматов

«Шалқар» радиосының «Отанды сүю» хабарында қонақта - жырау Алмас Алматов


19:29, 3 наурыз 2016
347 - рет қаралды

Бұған дейін тыңдармандармен ұлттық радионың «Елім менің», «Терме» сынды хабарлары арқылы тілдескен өнер иесіне қояр сауалыңыз болса, 8(717)2 55 33 66 нөміріне қоңырау шалыңыз.



«Шалқар» ұлттық радиосының «Отанды сүю» хабары әр аптаның жұма күндері сағат 21:00-де тікелей  толқында өтеді.

Бір сағатқа жуық уақыт аясында елге белгілі, айтары бар тұлғалармен Отан, ел, жер, дәстүр, ұлттық құндылықтар тақырыптары аясында әңгіме қозғалады. Тыңдармандар қоңырау шалып, өз ойларын ортаға салып, сұрақ қою арқылы бағдарламаға атсалыса алады.

Ертеңгі хабар қонағы - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов.

Домбырашы естелік әңгімелерінің бірінде «Біздің шаңырақта ұлағатты сөз айтып, өнеге көрсететін адамдарды шақыратын дәстүр болды. Соның арқасында небір ғұламаларды көріп, сөздерін тыңдадым. Ең бірінші естігенім - Нәби Мыңжасаров деген жырау еді. Ал, бертінде мені жыраулыққа тәрбиелеген - Машарап Әлиев, Орақ Дәнекерев,  Шамшат Төлепов, Зауыр Рақатов, Әбдірәлі Тұрмағамбетов», дейді.

Бұған дейін тыңдармандармен ұлттық радионың «Елім менің», «Терме» сынды хабарлары арқылы тілдескен өнер иесіне қояр сауалыңыз болса, 8(717)2 55 33 66  нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ, хабарды shalkarfm.kz сайты арқылы онлайн тыңдай аласыздар.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні