Шымкентте Стенд атудан ҚР Тәуелсіздігіне арналған ел біріншілігі өтеді

Шымкентте Стенд атудан ҚР Тәуелсіздігіне арналған ел біріншілігі өтеді


17:40, 1 наурыз 2016
299 - рет қаралды

2016 жылдың 2-7 наурызы аралығында Шымкент қаласы «Элдорадо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының I-ші кезеңі өтеді.



Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80-ге тарта спортшы қатысады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау және спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау.

Бұл жарыста 17-ші Азия ойындарының чемпиондары  мен жулдегерлері Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Середа Оксана және Могилевский Андрей өз шеберліктерін көрсететін болады.

Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 4 наурыз сағат 12-30-да Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушылар  ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, Облыстық ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні